Павлодар облысында полицейлер автокөлік ұрлығын ізін суытпай ашты

Polisia.kz

Павлодар облысы Аққулы ауданында полицейлер автокөлік ұрлығын ізін суытпай ашты.

Полиция қызметкерлері Павлодар қаласында ВАЗ-2115 автокөлігін айдап кеткен екі ер адамды жедел түрде ұстады. Көлік иесі салғырттық танытып, кілтті көлік ішінде қалдырған. Тәртіп сақшылары ұрланған автокөлікті Омбы – Майқапшағай тасжолы бойынан анықтады. Ал күдіктілер жақын маңдағы ауылдағы қараусыз қалған ғимараттан ұсталды. Ұсталғандардың Екібастұз қаласының тұрғындары екені белгілі болды, олардың бірі бұрын да осындай қылмыстар үшін жауапкершілікке тартылған. Полиция ескертеді: автокөлік ұрлығының басым бөлігі қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамаудан орын алады. Көлікті қараусыз қалдырмау, кілтті ішінде қалдырмау және есіктердің жабылғанын міндетті түрде тексеру - басты қауіпсіздік шараларының бірі.