Елде 150 мыңнан астам жоғары білімді маман жұмыссыз жүр

naryk.kz

Елде 446 мың адам жұмыссыз, жұмыссыздық деңгейі — 4,5%. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының деректері көрсетеді.

 

446 мың жұмыссыздың 235 мыңы техникалық және кәсіптік білімге (ТжКБ) ие, тағы 153,3 мыңының жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар. Жалпы бұл 388 мыңнан аса адам. Яғни Қазақстандағы барлық жұмыссыздардың 87%-ы — дипломы бар мамандар. Тек мектеп аттестатымен жүргендердің саны небәрі 53,6 мың адам.

Елде жоғары білімі бар 4,2 млн адам жұмыс істейді. Дипломды кадрлар ең көп шоғырланған сала — білім беру: мұнда 819 мың маман еңбек етеді. Тағы 348 мыңы мемлекеттік басқару және қорғаныс саласында, 312 мыңы денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейді.

Сонымен қатар жоғары білімі бар 622 мың қазақстандық көтерме және бөлшек сауда, сондай-ақ автокөлік жөндеу саласында еңбек етеді. Бұл — елдегі барлық дипломды мамандардың 15%-ы. Сауда саласы өз мамандығы бойынша сұранысқа ие бола алмаған адамдарды өзіне тартып отыр.