Қазақстан ТРАСЕКА-ға төрағалық кезеңіндегі басым міндеттерін айқындады

Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы жеңілдейді. Қазақстан халықаралық ТРАСЕКА ұйымына төрағалықты қабылдап алды. Бұл - еліміз алдағы уақытта 14 мемлекетті біріктіретін алып көлік дәлізінің реттеушісі болады деген сөз. Сондай-ақ жиында «Бірыңғай транзиттік рұқсат» туралы құжатқа қол қойылды. Енді біздің автотасымалдаушылар Қырғызстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Украина аумағынан өткенде артық құжат рәсімдеп, уақыт жоғалтпайды. Бір ғана рұқсат қағазымен бірнеше елдің шекарасынан кедергісіз өте алады. Бұл жүк тасымалының жылдамдығын арттырып, логистикалық шығындарды азайтуға септігін тигізбек.

МИРАС ҚУАНТАЙ, ҚР КМ КӨЛІК САЯСАТЫ ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ТРАСЕКА комиссиясына 14 мемлкет кіреді. Осы аймақтағы тасымалдауды цифрлау бойынша мәселелер қатты талқылануда. Мен ойлаймын осы іс-шара арқылы Еуропа, Азия елдеру арасындағы көлік дәліздерінің қарым-қатынасын, тасымалдар жүйесін одан әрі дамытады деп сенемз.