Павлодарда Ақсу қаласындағы жаңа қазандықты іске қосуға тағы 1 млрд теңгеден астам қаражат қажет. Бұл жылу орталығын салуға қазынадан 11 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалған. Алайда, іске қосылған жоқ. Себебі, жобалау кезінде жіберілген қателік қазандықты жарамсыз күйге түсірген. Нысан 7 жылдан бері қаңырап бос тұр. Қазынаның қыруар қаржысына салынған қазандықты кәдеге жаратуға тағы да бюджеттен қомақты қаражат керек.
АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:
Біріншіден, жаңа қазандықта электр энергиясының қосымша көзі қарастырылмаған. Екіншіден, қазандыққа қажетті техникалық су жоқ. Ал ауыз суды қолдану үшін оған химиялық өңдеу жасау керек. Мұнда дайындық цехы жоқ. Бұның барлығы 2017-2018 жылдары жіберілген қателіктің кесірі. Мердігер жобаға түзетулер енгізу керек - дейді. Бұның барлығы қосымша қаржыға әкеліп тіреледі. Біз бұған қарсымыз. Өйткені, түзету енгізу үшін тағы 1 млрд. астам теңге қажет болады. Қателікке жол берген мердігер жауапгершілікке тартылады. Қазір сот процесі жүріп жатыр.
Айта кетерлігі, 51 мыңнан астам халқы бар қаланы Ақсу ферроқорытпа зауытының қазандығы жылытып отыр. Ескі қазандықтың қаланы толыққанды жылумен қамтуға щамасы жетпейді. Сол себепті өндірісті шаһарға 2019 жылы жаңа қазандық салынған болатын.