Шымкентте тұрғын үй мәселелері талқыланды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2026

Шымкентте «AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Үйді басқару: жауапкершілік, сенім, нәтиже» атты  форум-семинар өтті. Жиында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы өзекті мәселелер талқыланып, көпқабатты үйлерді басқарудағы ашықтық пен тұрғындар сенімін арттыру жолдары қарастырылды. «TURGYNDAR AMANATY» жобасы аясында тұрғын үй қорын жаңғырту мен реновация бағдарламасын іске асыру мәселелері талқыланды. Соңғы үш жылда қалада 170-тен астам әлеуметтік нысан салынып, 71 көпқабатты үй күрделі жөндеуден өткен. Биыл 16 тұрғын үйді жаңарту жоспарлануда.

ЕРЖАН ЖЫЛҚЫБАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ:

Әрбір өңірде «TURGYNDAR AMANATY» фронт-офисі құрылып жатыр. Ондағы мақсатымыз- әр өңірдегі ЖҚКА және тұрғын үй қатынастары саласында проблемалар бар. Көріп отырмыз. Лифті, үйді модернизациядан өткізу, ауланы жаңарту, тарифке байланысты, тұрғын үй қорының ескіру мәселесі бар, жаңа үйлер соғылып жатыр оны басқару керек.