Алматы облысында "АМАNАТ" партиясының «Bir Tolqynda» алаңында жастар мәселесі талқыланды

  • AstanaTV
  • 15 мамыр 2026

"АМАNАТ" партиясы Алматы облысында 300 студенттің қатысуымен «Bir Tolqynda» диалогтық алаң ұйымдастырды. Талғар қаласында ұйымдастырылған кездесуде жастардың белсенділігі, бастамаларын қолдау, жұмыспен қамту, білім алу мүмкіндіктері мен бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастарды қоғамға бейімдеу және «Заң мен тәртіп» қағидатын сақтау бағыттарына ерекше назар аударылды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай ашық алаңдар жастардың пікірін тыңдап, олардың бастамаларын қолдауға мүмкіндік береді. Бүгінде Талғар жастары біліммен қатар, өндіріс орындары мен түрлі орталықтарда еңбек етіп, қоғамдық жұмыстарға да белсенді араласуда.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, "ЖАСТАР РУХЫ"  ЖҚ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

«АМАNАТ» партиясының депутаттары осы жастардың мәселесін үнемі бақылауда ұстайды. Сондықтан да кезең-кезеңімен келе жатқан мысалғы біздің тұрақты түрде осы студенттердің шәкіртақысының өсуі, сонымен қатар мынау жатахана мәселесі, бұның барлығы біздің депутаттардың бақылауында.