Ақтөбеде көпқабатты үйдегі өрттен 35 адам құтқарылды

Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Өрт 11-ші шағынауданда орналасқан он қабатты тұрғын үйдің бір пәтерінде болды. ТЖМ бөлімшелері келген кезде төртінші қабаттағы пәтердің балконының жанғаны анықталды. Өрттің аумағы 5 шаршы метрді құрады.

ТЖМ күштерімен баспалдақ арқылы 35 адам, оның ішінде 10 бала құтқарылды. Өрт толық сөндірілді, оның басқа үй-жайларға таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ.

ТЖМ тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, ашық от көздерін және электр құрылғыларын қараусыз қалдырмауға шақырады.