Астанада Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысы уақытша жабылады

Фото: Астана әкімдігі

Астанада Әл-Фараби даңғылы мен Керей Жәнібек хандар көшесінің қиылысында жол жөндеу жұмысының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысының уақытша толық жабылады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шектеулер 18 мамыр күні сағат 09:00-ге дейін енгізіледі. 

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. 

 



//kaz.inform.kz/news/elordadagi-al-farabi-dangili-men-kerey-zhanbek-handar-koshesnn-kiilisi-uakitsha--7abbe34f