Президент бірқатар мемлекеттің басшысымен телефон арқылы сөйлесті

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Ресей президенті Владимир Путинмен, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевпен, Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

Мемлекет басшылары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты туған күнімен құттықтап, Қазақстан халқының игілігі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметі одан ары табысты болуына тілектестіктерін білдірді. 

Сонымен қатар тараптар екіжақты және сан қырлы күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.