Құтқарушылар шетел азаматына көмек көрсетті

Фото: ТЖМ

Алматы тауларында, Үлкен Алматы көлі маңында, 2500 метр биіктікте 1990 жылы туған Қытай азаматы тізесін жарақаттап, таудан түсу үшін құтқарушылар көмегіне жүгінді.

Хабарлама түскеннен кейін оқиға орнына Алматы қаласы ТЖД Құтқару қызметінің мамандары мен Апаттар медицинасы орталығының бригадасы жіберілді.

Берілген геолокацияның көмегімен құтқарушылар туристің орнын жедел анықтап, таулы аймақ жағдайында оған жетті. Зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны таудан қауіпсіз түсіру ұйымдастырылды.

Турист Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлеріне одан әрі тексеру мен ем алу үшін тапсырылды.