11 нәрестеге «Ана мен бала қобдишасы» берілмеген

gov.kz

Қазалы ауданының прокуратурасы денсаулық сақтау саласындағы заңнаманың сақталуына жүргізген талдау барысында аудандық аурухана қызметінде бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Атап айтқанда, медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жаңа туған нәрестелерге берілуі тиіс «Ана мен бала қобдишаларымен» толық қамтамасыз ету жөніндегі талаптардың сақталмағаны белгілі болды.

Аталған заң бұзушылықтар азаматтардың, оның ішінде нәрестелердің конституциялық құқықтарының бұзылуына әкелді.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесінде тиісті шаралар қабылданып, олардың құқықтары қалпына келтірілді. 11 нәресте тиісті «Ана мен бала қобдишаларымен» қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік маңызы бар салалардағы заңдылықтың сақталуы мәселелері прокуратура органдарының ерекше бақылауында.