"Мектеп әкімшілігінен қысым көріп келемін",-мұғалім

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2026

Ақтөбеде  Әлкей Марғұлан атындағы №71 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Айжан Әділова әлеуметтік желі арқылы бірнеше жылдан бері мектеп әкімшілігі тарапынан психологиялық қысымға, буллинг пен моббингке ұшырап келе жатқанын мәлімдеді. Педагог өз құқығын қорғау үшін түрлі мекемелерге шағымданып, сотқа дейін барған. Сотта жеңіп шыққанымен, жағдай өзгермеген көрінеді. Керісінше, қысым күшейе түсті дейді.   

АЯЖАН ӘДІЛОВА, Ә. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ №71 МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ:

Мұндай заңбұзушылық және де қудалау менің жеке басыма ғана емес, сонымен қатар менің өзге де әріптестеріме жасалып келе жатыр. Мұндай қысымға шыдамаған менің бірнеше әріптестерім осы уақытқа дейін, жұмыс орындарын ауыстырды. Қазіргі таңда бірнеше әріптесім тұрақты жұмыс орындарына орналас алмауда. Ал кейбіреулері басқа жұмыс орындарына ауысайын десе, басшымыз жалған характеристика беріп, олардың жұмыс орнына орналасауына кедергі келтіруде.

Қалалық білім бөлімінің өкілі мұғалімнің әрі қарай жұмыс істеуіне ешқандай кедергі болмайтынын мәлімдеді. Аталған жайға қатысты тексеріс басталған. 

МЕТКҮЛ ҚОСЫМБАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілуде. Зерделеу нәтижесі шыққаннан кейін, нақты шешім қабылданатын болады.