Қарағанды қаласында бір үйдің екі бірдей баласы терезеден құлап кетті. Бүлдіршіндер 2 және 5 жаста. Ұлдар екінші қабаттағы пәтерде үйде қараусыз жалғыз отырған. Ойнап жүріп, құлап кеткен. Оқиғаға куә болған көршілері дереу жедел жәрдем шақырыпты. Балақайлар түрлі дене жарақаттарымен облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Жағдайлары ауыр.
ЖАСҰЛАН СЕРІКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
Оқиға кезінде үйде ересектер болмаған. Жыл басынан бері Қарағанды облысында терезеден 10 бала құлады. Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырады. Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар. Москит торларына сенбеңіздер. Олар балаларды ұстап қала алмайды.