2 күнде 80 науқас көз жұмып, 300-ден астам адам ауру жұқтырған: тағы бір қауіпті вирус тарады

Әлемде тағы бір қауіпті вирус тарады. Халықаралық төтенше жағдай жарияланды.  Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы вирус Эболаның ең қауіпті штамдарының бірі саналатын «Бундибугйо» түрі екенін айтты. Ресми мәлімет бойынша, қазірдің өзінде 246 адамнан инфекция белгілері анықталып, 80-нен астамы көз жұмған. Қайтыс болғандардың арасында төрт бірдей медицина қызметкері бар. Сарапшылар вирустың таралу ауқымы ресми статистикадан әлдеқайда көп болуы мүмкін деп дабыл қағуда. Өйткені, бұл вирусқа қарсы әзірге ешқандай вакцина немесе арнайы емдік дәрі қолданысқа енгізілмеген. 

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ҰЙЫМЫНЫҢ РЕСМИ МӘЛІМДЕМЕСІ:

Індет Конго Демократиялық Республикасы мен көршілес Уганда мемлекетінде тараған. Оған қарсы лицензияланған вакцина немесе арнайы терапиялық дәрі-дәрмек атымен жоқ. Өлім көрсеткіші 30%-дан 50%-ға дейін жетеді. Эболаға шалдыққан адамның алғашқы кезде қызуы көтеріліп, бұлшық еті мен тамағы ауырады.