Елордалық студенттер Мәжіліс депутаттарымен ел болашағы мен саясат төңірегіндегі өзекті мәселелерді талқылады

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2026

Елордалық студенттер ел болашағы мен саясат төңірегіндегі өзекті мәселелерді Мәжіліс депутаттарымен бірге талқылады. Еуразия ұлттық университетінде «BIR TOLQYNDA» атты ашық дәріс өтті. Іс-шара АМАNАТ партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының қолдауымен ұйымдастырылған. Басқосудың мақсаты - жастардың көзқарасын тыңдап, ортақ ой қалыптастыру. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған сауалдарын тікелей қойып, спикерлермен еркін форматта пікір алмасты.

АЙДОС САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:

Негізі саясаттың басты жұмысы - қоғамға, қазір енді болашағымыз деп ойлайтын жастарға түсінікті болуы. Қоғамда қандай жаңалықтар бар, кеше ғана референдум өтті, Конституциялық заңдар қабылданып жатыр, Парламент немен шұғылданып жатыр, қандай жоспары бар, азды-көпті көргенімізді айту.

ҮНЗИЛА ШАПАҚ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

2-курстың студенті пенсия туралы сұрақ көтеріп жатыр. Демек бізде пенсиялық жүйе -қазіргі таңда әлі де бір реформаны талап етіп тұрған саланың бірі. Сондықтан олардың бүгінгі таңда ойлап отырған ойларын міндетті түрде ескеру керек.