Атырауда «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен көшбасшылықты дамытуға арналған семинар өтіп жатыр

Атырауда «AMANAT» партиясы жанындағы Саяси менеджмент академиясының ұйымдастыруымен көшбасшылықты дамытуға  арналған  семинар өтіп жатыр. Ауыл әкімдері, мәслихат депутаттары, партия қызметкерлері, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілдері арасынан 130 адам байқау арқылы іріктеліп алынған.   Олар шетелдік және отандық ғалымдар дайындаған 6 модульден тұратын бірегей оқу бағдарламасынан өтеді. Семинарға қатысушылар 3 күн бойы  бюджетті тиімді қалыптастыру, жоспарлау, салық кодекстерінде өзгерістер, өңірлерді дамыту, сондай-ақ  көшбасшылық және коммуникация, саяси компанияларды жүргізу бойынша дағдыларын арттырады. Осы арқылы партияның кадрлық әлеуетін арттырмақ.

ГҮЛНӘР НҰРАХМЕТХАНОВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ САЯСИ ЖҰМЫС ДЕПАРТАМЕНТІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Семинардың қорытындысы бойынша барлық  қатысушылар тест тапсырады алған білімдері бойынша. Және жоба қорғайтын болады. Сол жобаның ішіндегі ең үздіктері кейін инвестиция тарту арқылы біз оны қаржыландыруды мақсат етіп отырмыз. Жалпы бұл «AMANAT»  партиясының саяси көшбасшылық қабілеттерді дамыту мақсатында.