Онлайн құрбандық шалуға болады

  • AstanaTV
  • 18 мамыр 2026

Биыл Құрбан айт 27–29 мамыр аралығына тура келіп тұр. Бұл күндері төрт түлікке сұраныс артып, базарда жұрт қарасы көбейеді. Бірақ, құрбандық шалам деген азаматтар базарға барып мал іздеп, уақытын зая кетірмесе де болады. Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы ұсынған арнайы сайтта ақысын төлеп, онлайн құрбандық шала аласыз. Сонымен қатар платформада етті тарату қызметі бар. 

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ, ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, БАС МҮФТИ:

Онлайн құрбандық жүйесінің негізгі мақсаты азаматтарға құрбан шалу рәсімін заманауи, цифрлық форматта әрі сенімді түрде орынлауға мүмкіндік беру. Сондай-ақ мұқтажотбасыларға көмек көрсетуді жүйелі ұйымдастыру.