Денсаулық сақтау министрлігі шетелге шығатын азаматтарға хантавирус инфекциясын жұқтырмаудың жолдары туралы кеңес берді.
Вирус ағзаға шаң, тағам, су немесе шағу (тістеу) арқылы түсуі мүмкін, – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігіндегілер.
Дәрігерлер инфекцияны жұқтырмау үшін бірқатар кеңестер берді:
-
Шетелге шыққан жағдайда кеміргіштермен және олардың бөлінділерімен байланысты мүлдем болдырмау, сондай-ақ олардың болуы мүмкін мекендеу орындарына бармау қажет;
-
Кеміргіштермен ластануы мүмкін тағамдар мен суды тұтынбау, бейберекет және көше саудасы орындарында тамақтанудан бас тарту, азық-түлікті беті тығыз жабылған ыдыста сақтау керек;
-
Жабық үй-жайларда болған кезде алдымен ішін желдетіп, қолғап пен маска киіп, дезинфекциялық құралдармен ылғалды тазалау жұмыстарын жүргізген жөн;
-
Адамдар көп жиналатын орындарға барғанда жеке профилактикалық шараларды қолдану (арақашықтық сақтау, маска тағу, дезинфекциялау құралдарын пайдалану), қол және тыныс алу мүшелерінің гигиенасын сақтау қажет.
Министрлік егер елге оралғаннан кейін 1-8 апта ішінде сырқаттану белгілері, жоғары температура, айқын әлсіздік, бұлшықет ауырсынуы, жөтел немесе ентігу пайда болса, шұғыл түрде жақын маңдағы медициналық ұйымға жүгіну және шетелде болғаныңыз туралы міндетті түрде хабарлау қажет екенін мәлімдеді.