Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев үкімет отырысында отандық және шетелдік авиакомпаниялар Қазақстанның халықаралық бағыттарын көбейтіп жатқанын айтты.
«2026 жылы жаңа халықаралық бағыттарды ашу жалғасып жатыр. Қазірдің өзінде 4 жаңа рейс ашылды (Алматы–Шанхай, Астана–Ереван, Атырау–Ташкент, және Ақтау–Ереван). Сонымен қатар, 2026 жылы тағы 11 халықаралық бағытты ашу немесе қайта іске қосу жоспарланып отыр», - деді Сауранбаев.
Министрдің айтуынша, қазір әлемдік авиациядағы басты мәселелердің бірі - ұшақ жетіспейді.
«Жаңа самолётті ұзақ күтеміз: мысалы, бүгін тапсырыс берсе, оны тек 8–10 жылдан кейін алады. Өткен жылы өздеріңіз көргендей Америкада Boeing компаниясымен отандық компаниялар 15 млрд АҚШ долларына келісімге отырды. 2026 жылы 3 самолет сатып алынды, онын ішінде өзіңіз білетіндей осыдан бір ай бұрын «Scat» авиакомпаниясына бір күнде 2 жаңа заманауи Boeing келген болатын. Осы жылдың аяғына дейін қазақстандық авиакомпаниялардың паркіне тағы 6 ұшақ қосылады», - деді ол.