Кене шаққаннан екі адам қауіпті ми ауруын жұқтырды

Фото: pixabay

Алматыда биыл кене шаққаннан кейін екі адам кене арқылы тарайтын ми ауруын жұқтырған.

Алматы қаласының маңы кенелер көп таралған эндемиялық аймаққа жатады. Мұнда иксод кенелері кездеседі және олар кене энцефалиті мен кене боррелиозы сияқты қауіпті инфекцияларды таратады.

Әсел Қалықованың сөзінше, қазір Алматыда кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелген.

Бүгінгі таңда қала бойынша кене энцефалитінің екі жағдайы тіркелді. Барлық науқас қажетті ем қабылдап жатыр. Қазір олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады, - деді ол.