Трамп Иранға соққы жасаудан бас тартты

Фото: gazeta.ru

АҚШ президенті Парсы шығанағындағы елдердің өтінішінен кейін Иранға соққы жасаудан бас тартқанын мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп 19 мамырға жоспарланған АҚШ-тың Иранға қарсы соққылары Катар, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің өтініші бойынша тоқтатылғанын айтты. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

- Біз ертеңге жоспарланған Иранға шабуылды жүргізбейміз. Бірақ егер қолайлы келісімге қол жеткізілмесе, кез келген сәтте Иранға қарсы ауқымды шабуыл жасауға дайын болу жөнінде тапсырма бердік, – деп жазды ол.

Дональд Трамптың сөзінше, жуырда Тегеранның ядролық қаруға ие болуына жол бермейтін келісім жасалуы мүмкін.