Астанада республикалық мәдениет форумы басталды

Мәдениет пен жасанды интеллект тоғысса не болады? Бұл сұрақтың жауабы  елордада өткен «Мәдениет және инновация» атты ауқымды республикалық форумда талқыланды. Үш күнге созылатын шара дәстүрлі оқытудан бас тартып, нақты технологиялық жобаларды әзірлеуге бағытталған. Сондай-ақ, халықаралық сарапшылар мен бизнес өкілдері де осында.

ЕРЛАН ДӘКЕНОВ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІНІҢ КОМИТЕТ ТӨРАҒАСЫ:

Тек қана елімізден емес, жан-жақтан  эксперттер келіп жатыр. Оның ішінде Қытай, Үндістан, Германия бар, Франция, США . Яғни, әр өңірден 17 өңірдің, әр мамандары келіп жатыр. Оның ішінде кітапханмыз, архив саласы, мәдениет үйлері,  концерттік ұйымдар және театрларымыз бәрі қамтылған.

Мәдениет саласына заманауи цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні енгізу -бүгінгі форумның басты ерекшелігі. Шетелдік меймандардың айтуынша, қазақ мәдениеті мен өзге ұлттардың өнерінде үндестік көп. Мәселен, үндістандық  сарапшы  қазақ елі мен үнді халқының музыкасы өте жақын екенін айтады. Олар балаларға ертегі мен кітаптағы оқиға желісін әуен арқылы заманауи үлгіде жеткізудің ерекше әдісін көрсетті.

ДИПА КИРАН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТОРИТЕЛЛИНГ ШЕБЕРІ, ПЕДАГОГ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУШІ (ҮНДІСТАН):

Бұл - дәстүрлі әуен. Бірақ біз бұны көне ырғақпен емес, жаңашылдық қосып айтамыз. Соңғы екі жылда жасанды интеллектіні де музыкаға қосып жүрміз. Мәдениет пен инновацияны бір бағытқа бұруға болады. Әлем елдерінен келген эксперттер де өз тәжірибелерімен бөлісіп, бізді таңқалдыруда. Ал бұған дейін Қазақстаннан біздің елге музыка ұстаздары келген болатын. Сол кезде өзіндік үлкен ұқсастықты байқадым.