9-сынып оқушысы суға батып кетті

Фото: pixabay

Орал қаласында 9-сынып оқушысының денесі каналдан шығарылды. Қайғылы оқиға 18 мамыр күні кешке Круглоозерное кентінде болған. Жасөспірім белгіленбеген жерде суға түскен. 

БҚО бойынша ТЖД мәліметінше, құтқарушылардың пультіне шақырту сағат 19:30-да түскен. Көшім каналындағы оқиға орнына қаланың шұғыл қызметтері дереу аттанды. Іздестіру жұмысына жедел-құтқару жасағының күштері, сондай-ақ Төтенше жағдайлар, төтенше жағдайларды жою және азаматтық қорғаныс басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылды.

Бір сағаттық іздестіруден кейін суға кеткен баланың денесі табылды.

Сағат 20:32-де құтқарушылар судан тоғызыншы сынып оқушысының денесін шығарды. Жасөспірім шомылуға жабдықталмаған жерде суға түсемін деп көз жұмды.