Бүгін күн ашық болады

Фото: pixabay

Қазгидромет 20 мамырға арналған Қазақстан қалаларындағы ауа райы болжамын жариялады. Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. 

Астанада құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +25…+27°C.

Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +9…+11°C, күндіз +21…+23°C.

Шымкентте құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, дауылды жел соғады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтауда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +20…+22°C.

Ақтөбеде күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +28…+30°C.

Атырауда құбылмалы бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +31…+33°C.

Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11…+13°C, күндіз +25…+27°C.

Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +23…+25°C.

Көкшетауда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай және бұршақ күтіледі. Күндіз жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +25…+27°C.

Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +23…+25°C.

Қостанайда құбылмалы бұлтты, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +28…+30°C.

Қызылордада аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Найзағай ойнап, дауылды жел тұрып, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +23…+25°C.

Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +24…+26°C.

Петропавлда аспанды бұлт торлап, жаңбыр жауады, найзағай болады. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, бұршақ және дауылды жел күтіледі. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +20…+22°C.

Семейде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +21…+23°C.

Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +4…+6°C, күндіз +23…+25°C.

Таразда құбылмалы бұлтты, таңертең және күндіз жаңбыр жауып, найзағай болады. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +25…+27°C.

Түркістанда құбылмалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай болады, дауылды жел соғады. Жел екпінді болады. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +27…+29°C.

Оралда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +15…+17°C, күндіз +30…+32°C.

Өскеменде құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +19…+21°C.