Эбола вирусынан көз жұмғандар саны 136-ға жетті

Фото: James Giahyue/ Reuters

Соңғы мәліметке қарағанда, Конго Демократиялық Республикасында қауіпті індеттен қайтыс болғандар саны 136-ға жетіп, 514 тұрғын осы ауруды жұқтырды деген күдікпен карантинге жабылған. Ал көршілес Угандада бір адам көз жұмды. 

Эболаға шалдыққан адамның алғашқы кезде тұмау тәрізді денесі қалшылдап, басы ауырып, қалжырайды. Науқастың органдары жұмыс істемей, кейбір пациенттер көп қан жоғалтады.