Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттауы мүмкін

фото: pixabay

Қазір денсаулық сақтау саласына бірыңғай салық енгізу мәселесі қарастырылып жатыр. Бұған дейін тегін медициналық көмек пен әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтерге қолданылған нөлдік қосымша құн салығы жойылуы ықтимал.

Қазір дәрі-дәрмекке 5 пайыздық ҚҚС қолданылады. 2027 жылдан бастап оны 10 пайызға дейін көтеру жоспарланған.