Өрт сөндірушілер тұрғын үйдегі өртті жедел сөндірді

фото: ТЖМ

Шымкент қаласы Нұрсәт-2 шағынауданында бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің бесінші қабатындағы пәтерде үй заттарының жануы орын алды. Хабарлама түскеннен кейін ТЖМ бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, бірден өртті сөндіруге кірісті. Өрт шағын аумақта сөндірілді.

Құтқарушылардың үйлесімді әрекеттері жалынның пәтердің басқа бөлмелеріне таралуына жол бермеді. Зардап шеккендер жоқ.