Түркияда 5,6 балдық жер сілкінісі болды

фото: pixabay

Жерасты дүмпуі Батталгази ауданында жергілікті уақытпен сағат 09:00-де тіркелген. AFAD мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы 7,03 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер сілкінісі Қаһраманмараш, Газиантеп, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбақыр, Элазыг, Қайсері және Сивас қалаларында да сезілген.

Әзірге ғимарат қирауы мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.