Шымкенттік оқушы шетелдің 90 ЖОО-дан шақырту алды

Фото: Шымкент қаласының әкімдігі

А.Пушкин атындағы №1 мектеп-гимназиясының 11-сынып оқушысы Набира Перналы шетелдік жоғары оқу орындарының гранттық бағдарламаларына қатысып, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Австралия, Еуропа елдері және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жетекші университеттерден шақырту алған.

Дарынды түлек оқуын Оңтүстік Кореядағы INHA University-де жалғастыруды таңдады. Ол аталған университеттің «Халықаралық бизнес және қатынастар» мамандығы бойынша білім алады.