Қарағанды облысында екі отбасы таласып жүрген қабір қайта қазылды

Қарағандыда бір жарым жыл бұрын жерленген әйелдің қабірі қайта ашылды. Мәйітке эксгумация жасалады. Бейітке таласып жүрген екі отбасы амалсыздан зират басына құран бағыштауға өз молдаларын әкелді. Әкімдік өкілдері мен полицейлер, қабір қазушылар да қатысты. Сотқа жүгінген Айгүл Жамиленова әуелден- ақ осы жерге 1 жарым жыл бұрын анасын жерлегеніне сенімді. Жарты жылдан кейін қабір басына келгенде өзге адамның құлпытасын көріп дереу құқық қорғау органдарына арызданған. Ал қабірге таласып жүрген екінші тарап бұл жерде апайы жатқанын айтады. Ақыры дау шешілмеген соң сот осындай шешім шығаруға мәжбүр болған. Қазылған мүрде сараптамаға жөнелтілді. Оның қорытындысы бір айда шығады. Ал эксгумация кезінде екі марқұм да мұсылманша жерленгендіктен туыстары кімнің кім екенін айыра алмады. 

АЙГҮЛ ЖАМИЛЕНОВА, АРЫЗДАНУШЫ:

Қазір ештеңе түсініксіз. Денеден түк те қалмаған. ДНК сараптамасы барлығын шешеді деп ойлаймын. Мен бұл жерде анамның жатқанына сенімдімін. 30 адам жерлеуіне қатысып 30- ы қателесуі мүмкін емес.