Елде бала туу көрсеткіші төмендеп барады

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2026

Елде бала туу көрсеткіші төмендеп барады. Кейінгі 5 жылдың алғашқы үш айына көз жүгіртсек, 2021 жылдан кейін өсім байқалмаған. 2021 жылы 100 мың, 2022 жылы 95 603 сәби өмірге келген. Ал 2023 жылы 93,5 мың, 2024 жылы 92 мыңға жуық шақалақ дүние есігін ашты. Былтыр 77 мың болса, биыл статистика 74 мың деңгейінде қалып отыр. Бұл - кейінгі жиырма жылдағы ең төменгі демографиялық дерек.