Ақтаулық студенттер отандық кино жұлдыздарымен жүздесті

  • AstanaTV
  • 20 мамыр 2026

Ақтаулық студенттер отандық кино жұлдыздарымен жүздесті. Танымал актерлер Дәурен Серғазин мен Әділ Ахметов өңір жастарымен еркін форматта сұхбаттасты. Кездесу «AMANAT» партиясы «Жастар Рухы» жастар қанатының мұрындық болуымен «BIR TOLQYNDA» жобасы аясында өтті. Студенттер елдегі реформалар мен партияның жобалары туралы сұрақтар қойып, өз ойларын ортаға салды. Әсіресе, танымал қонақтардың жетістікке жету жолы мен қызықты оқиғалары жастарға ерекше мотивация берді.

ЕРЖАН ХАМИТОВ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖАСТАР ҚАНАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Кездесуге аймақтың белсенді жастары, шығармашыл жастар, қоғам белсенділері, біздің AMANAT партиясының, мәслихаттың депутаттары қатысуда. Жастар өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, өздерінің мәселелерін және де жобалар бойынша пікір алмасуда.