Павлодар облысында Береке және Достық ауылының тұрғындары ауыз суға жарымай отыр. Екі елдімекенді бір су станциясына қосқан. Салдарынан су қысымы төмендеген. Ал шын мәнінде екі ауылға да жеке жеке қаражат бөлініп, су станциясы салынған. Бірақ, Достық ауылының су станциясы қосылмай жатып істен шығыпты.
Ақсу қаласына қарасты Береке, Достық ауылының тұрғындарынан жаз шыға маза қашады. Себебі, күн жылынған соң, суға қажеттілік артқан. Сол себепті үйдегі судың қысымы төмендеп кетіпті.
БОЛАТХАН АМАНЖОЛ, ДОСТЫҚ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Су бар. Бірақ, давлениесі толық жетпейді судың. 50 процент ғана су келеді.
СЕРІКЖАН САЙЛАУХАНҰЛЫ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Екі жыл бұрын біздің резервтегі трубаны Достық ауылына қосқалы бері осындай су тапшылығы болып жатыр.
Береке ауылындағы су станциясының жобалық қуаттылығы екі ауылды сумен қамтуға жетпейді. Ал су қысымының төмендеуіне тағы бір себеп бар. Станция пайдаланылмаған суды далаға ағызып жіберетін болған.
МАХАНБЕТ АМАНГЕЛДІ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ:
Жыл он екі ай төгіліп жатыр. Енді қателеспесем, бірнеше күн бұрын бұны тоқтатқан. Бірақ, бұл жүйелі түрде қаралмағаннан кейін бұны тоқтату мүмкін емес. Бұны тоқтату күнде күнде ана Берекенің станциясында бір адам отырып, мына жақта тоқтат дегенде бір адам тоқтатуы керек былай айтқанда. Ал оған кім ол жерде штатный сотрудник те жоқ.
Ал Достық ауылдық округінің әкімі Айгүл Бекбергенова далаға ағып жатқан суды тоқтату шараларын жасап жатқанын жеткізді.
НҰРСӘУЛЕ АҚАЙ, ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АППАРАТЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:
Қазіргі таңда үздіксіз штаттық режимде берілуде. Резуардан судың тасып кету мәселесі су беру реттегіштің орнату және баптау жұмыстары жүргізілді. Аталған мәселе жергілікті атқарушы органдарының бақылауына жүргізілуде қазіргі таңда.
Достық ауылына су станциясы осыдан 4 жыл бұрын салынған. Бұған қазынадан 686 млн теңге жұмсалған. Алайда, су станциясы қосылмай жатып істен шыққан. Сол себепті ауыл халқын тіршілік нәрімен қамтуға үшін Береке ауылынан су құбырын тартқан. Алайда, қырау қаражат жұмсалған станция 4 жылдан бері іске қосылмаған. Соның зардабын тұрғындар тартып отыр.