Атырауда ұлттық құндылықтарды дәріптейтін этносаябақтың 51 жастағы басшысына өз үйінде қарақшылық шабуыл жасалды. Абырой болғанда, әйел дін аман. Алайда бірнеше жерден пышақ жарақатын алып, ауруханаға түскен. Ақ халаттылар кәсіпкердің өмірін аман алып қалды. Ал 19 және 20 жастағы қос күдікті ізін суытпай ұсталды. Қазір тергеу абақтысында.
МЕЙІРІМ ЕРДӘУЛЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Күдіктілер әйел адамға үшкір затпен дене жарақатын салып, бағалы бұйымдары мен ақшалай қаражатын иемденген. Қазіргі таңда екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.