Алдағы оқу жылынан бастап еліміздегі барлық Келешек мектептерінде «12 айда 12 кітап» жобасы басталады. Мемлекет басшысының Жарлығы аясында әзірленген бұл бастама кітап оқитын ұлт қалыптастыруды көздейді. Жаңа маусымда оқушылармен қатар ұстаздар да кітап оқуға белсенді тартылмақ. Ал жыл соңында ең белсенді қатысушылар «Үздік оқырмандар» ретінде марапатталады.
СҰЛТАНБЕК ОРАЗАЛЫ, ҒЫЛЫМИ-ӘДІСТЕМЕЛІК СҮЙЕМЕЛДЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Біз кітаптар тізімін жай ғана бекіте салған жоқпыз. Ең алдымен ұстаздар мен оқушылар арасында сауалнама жүргізіп, қызығушылықтарын анықтап алдық. Сонымен қатар бұл тізімге қазіргі таңдағы кәсіби әдебиеттерді, ал оқушылар үшін тұлғалық даму бағытындағы шетелдік және отандық туындыларды қосып жатырмыз.