«Қауіпсіз жаз – қауіпсіз өмір мектебі» іс-шарасы өтті

  • AstanaTV
  • 21 мамыр 2026

Елорда мектептерінің бірінде «Қауіпсіз жаз - Қауіпсіз өмір мектебі» атты ауқымды іс-шара ұйымдастырылды. «Заң мен тәртіп» қағидатын негізге алған жиын аясында мектеп ауласында 8 бірдей тақырыптық станция құрылып, Төтенше Жағдайлар Департаменті, полиция, прокуратура, жедел жәрдем және кинология қызметінің мамандары балалармен интерактивті форматта кездесті. Оқушылар судағы қауіпсіздік, жол ережелері, алғашқы медициналық көмек негіздерін іс жүзінде меңгеріп, арнайы техникалармен танысты. Іс-шара соңында балалар алған әсерлері мен қауіпсіздік туралы ойларын мектеп ауласына орнатылған ұзындығы 30 метрлік алып билбордқа сурет ретінде салды.

ҚАМАЖАЙ МЫҢБАЕВА, МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Балалардың үш айлық жазғы маусымдағы демалысы тек көңілді емес, ең алдымен қауіпсіз болуы тиіс. Біз оқыс оқиғалардың алдын алып, оқушылардың өмірін қорғауға міндеттіміз. Сондықтан биыл екінші жыл қатарынан "Қауіпсіз жаз – қауіпсіз өмір мектебі" атты ауқымды жобаны қолға алып отырмыз. Шараға кәсіби құтқарушылардан бастап, жедел жәрдем дәрігерлеріне дейінгі білікті мамандар арнайы келді.