Түркістанда «AMANAT» партиясының жаңа модульдық оқу бағдарламасы өтіп жатыр

Түркістанда «AMANAT» партиясының жаңа модульдық оқу бағдарламасы аясында үш күндік  дәріс өтіп жатыр. Партия жанындағы Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған жоба аясында 160 адам заманауи басқару тәсілдері, көшбасшылық қабілет және тиімді коммуникация бағыттары бойынша білімін жетілдіруде.  Бұл бастама басқарушылық құзыреттерді дамытуға, шешім қабылдау мәдениетін қалыптастыруға, халықпен тиімді коммуникация орнатуға, өңірлік мәселелерді жүйелі талдап, нақты нәтиже шығара алатын жаңа буын басшыларын қалыптастыруға бағытталған.  

ТАМАРА ДҮЙСЕНОВА, САЯСИ МЕНЕДЖМЕНТ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бағдарламаның ерекшелігі ол оқығаннан кейін сол оқыған өзінің дәрісі бойынша қалаған жобасын алып, сол жобаны әрі қарай жалғастыру керек. Сол жобаны зерттеп шығып, кейін жақтауы керек. Сонымен ол күнделікті осы біздің берген дәрісімізді өзінің жұмысында қолдану және өзінің функционалдық  құзыретін көтеру мәселесін қарастырып отырмыз.

ЕРБОЛ КӨКЕНОВ, ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ,  «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Бізге салық кодекстері бойынша, жергілікті облыстық бюджеттер бойынша салықтың мамандары нақты алгоритмдер мен оның заңдылықтарын барлығын қазір бізге сабақта өтуде. Өте маңызды, жемісті сабақ болды.