Елімізде өткен жалпыхалықтық референдумның қорытындысы бойынша Ата Заңға бірқатар маңызды өзгерістер енгізілді. Құқықтық реформа мемлекеттік басқару жүйесін қайта құруды және заң үстемдігін нығайтуды көздейді. Саяси науқан барысында дауыс берген азаматтар ел дамуының жаңа заңнамалық бағдарын айқындады. Өзгерістер алдағы уақытта әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салалардағы реформаларға негіз болмақ. Заң шығарушы орган өкілдері де жаңа нормалардың халықтың тұрмыс сапасы мен құқығын қорғауға тікелей әсер ететінін алға тартады.
МҰҚАШ ЕСКЕНДІРОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АМАNАТ" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Адамның құқығы, адамның құқығы бұзылмауы, менің ойымша, барлығы осы Конституцияның арқасында барлық заңдарда қолданылады. Қазірдің өзінде, ол Конституция қабылданбай тұрғанда да заңдар негізінде өзіміздің адам құқығын, Қазақстан халқының өмір сүру жағдайын жақсартуға қолданылып жүр деп айта аламын.