Астанада екі автобустың қоғалыс бағыты уақытша өзгерді

Фото: 2gis

№ 19, 52 бағдарлардың қозғалыс маршруты уақытша өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС мәлімдеді.

Ал кеше № 19, 28, 52, 66 бағдарлардың қозғалыс бағыты уақытша өзгерген еді.

Керей Жәнібек хандары көшесінің Ә. Бөкейхан көшесінен Ш. Мұртаза көшесіне дейінгі учаскеде жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, 21-25 мамыр аралығында аталған учаскеде қозғалыс тоқтайды.