Кинотеатрға барған азамат попкорнға қақалып, қайтыс болды

Фото: pixabay

Алматыдағы сауда ойын-сауық орталықтарының біріндегі кинотеатрда 29 жастағы ер адам қайтыс болды.

Оқиға 17 мамыр күні киносеанс кезінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам попкорнға қақалып қалған.

Осы оқиғаға байланысты Алматы қаласы Полиция департаменті түсініктеме берді.

- Аталған дерек бойынша Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция басқармасына қарасты полиция бөлімі тексеру жүргізіп жатыр. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тексеру нәтижесі бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.