ҚФФ басшылығына шетелдік маман тағайындалды

Фото: ҚФФ

Қазақстан футболы тарихында бұрын-соңды болмаған ірі кадрлық шешім қабылданды.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бас хатшысы қызметіне Скотт Манн тағайындалды. Бұл – Қазақстан футболы тарихында федерациядағы басшылық қызметке алғаш рет шетелдік маманның келуі.