Есірткі зертханасын басқарған ерлі-зайыпты Грузияда қолға түсті

Есірткі зертханасын басқарған ерлі-зайыпты Грузияда қолға түсті. Жалпы Тергеу мәліметінше, күдікті азамат Алматы облысында мефедрон өндірген. Ал оның жұбайы Алматы және Қарағанды облыстарындағы есірткі бизнесінің қаржысын басқарыпты. Қазіргі уақытта ұсталған жұпты жауапқа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялау мәселесі қарастырылуда. Қазақстан мен Грузия ІІМ келіссөздерінен кейін, наурыз айынан бері Грузияда біздің елде іздеуде жүрген 15 адам ұсталған.