Ақтөбеде 5 қабатты жатақхананың шатыры өртеніп, 50 адам эвакуацияланды. Жалынның қатты болғаны соншалық, қою түтін мен от қаланың өзге аудандарынан да көрінген. Жедел құтқару қызметі тұрғындарды сыртқа шығарып үлгерген. Арнайы жабдықталған көлікте жылыту пункті ұйымдастырылды. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
ӘДІЛЕТ АРТЫҚАЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ТЖБ АҒА ИНЖЕНЕРІ:
Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаменті, сондай-ақ жедел құтқару жасағы, апаттар медицинасы орталығы жергілікті атқарушы органдар және полиция қызметкерлері 65 адам 28 техника жұмылдырылды. Өрттің өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді. Өртті толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.