Атырауда шетелдік нөмірлі көлік жүргізушілері бас көтерді

Атырауда шетелдік  нөмірлі көлік жүргізушілері бас көтерді. Олар қалада рейд кезінде Грузия, Армения, Ресей мемлекеттік нөмірлерімен жүрген көліктерге  жаппай айыппұл салып, айыппұл тұрағына жіберіп жатқандығына наразылық білдірді. Кеше 200-ден астам, бүгін 50-ге тарта жүргізуші  жиналды.  Айтуларынша, күшейтілген рейдтік шара барысында  көшеде жүру мүмкін болмай қалған. Халық арасында  дүрбелең  өңірге Қостанай, Астана, Қарағанды қалаларынан 11 патрульдік экипаж келген  соң басталған. Сақтандыру полисі болмағандықтан, айыппұл арқалаған жүргізушілер “мемлекет көлікті сақтандыруды рәсімдеуге  заңды түрде рұқсат берсе, мұндай дүрбелең болмас еді,-дейді. 

РҮСТЕМБЕК ТАЙЫРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Біздерді страховка жоқ деп  тоқтатып, өзіме толтырылды. Қараңыз ол страховка халыққа беріліп жатса,  аламыз ғой бәріміз де. Заң жүзінде жүреміз. Ал енді келгеннен кейін страховка берілмейді, қозғама,- дейді машинаны. Басқа жақтан келіп бізді қыспалай беретін болса, тұра алмаймыз, жиналамыз. Қырғын машинаны үйге әкеліп қойып, қарап отырмаймыз ғой. Жаңадан алатын жағдайымыз жоқ.

АЙСҰЛТАН КӘДІРОВ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Кеше жаппай тоқтатты барлығын қараған жоқ. Сондықтан  біздер халық болып ол жерде өзіміздің талаптарымызды айттық. Бізде міндетті сақтандыру жоқ шетел автокөліктеріне. Біздер айттық жарайды  мүліктерінде ерікті сақтандыру беріңіздер деп. Сақтандыру компанияларына айттық. Олар қарсылық білдірмеген. Енді ІІМне жеткізу керек болып тұр. Қазіргі таңда бізге сергекпен бірге страховканың айыппұлы келіп жатыр. Ол халықтың қалтасына ауыр.

Бейресми дерек бойынша аймақта 5 мыңға тарта шетелдік нөмірлі көлік бар. Халықпен тілдесуге келген полицейлердің сөзіне сенсек,  рейдтік іс-шараның оларға  еш қатысы жоқ. Өзге өңірлерден қосымша полиция экипаждары  “Қауіпсіз жол ” апталығында жолдағы қауіпсіздікті бақылауға келген. Жол жүру қағидаларын сақтаған көлік тоқтатылмайды,- деп, бекер дүрлікпеуге шақырды.

РУСЛАН МӘЖИТОВ. ОБЛЫСТЫҚ ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:

Нақты шетелдік автокөліктерге қатысты жұмыс жасалып жатқан жоқ. Шетелдік автокөліктер еркін жүріп жатыр. Кеше  келіскендей, құқық бұзушылықтары болса, сонда ғана  тұраққа қойып жатыр.+Көбінің сақтандыруы бар. Тек базадан шықпайды. Оған қарамастан оларды хаттама толтырып жатқан жоқпыз біздер.