Үй саудасы жандана бастады

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2026

Елімізде үй саудасы қызып тұр. Сәуірде үй алып-сату нарығында 35 мыңнан астам мәміле тіркелген. Бұл - наурыз айымен салыстырғанда, 23,4 пайызға жоғары. Абай, Қызылорда, Ұлытау облыстарында баспана көп саудаланған. Үй алатындардың дені мемлекеттік бағдарламаларға жүгінген.

БАУЫРЖАН ЫСҚАҚ, ЭКОНОМИСТ:

Әдетте үйдің саудасы көктем мен күз айларында жандана бастайды. Өйткені, халықтың табысы арта бастайды. Әртүрлі салықтық төлемдер Және экономикалық белсенділік артқан кезде.