Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 41%-ға жуық - С. Жұманғарин

  • AstanaTV
  • 22 мамыр 2026

Еліміздегі әрбір бесінші қазақстандық шағын және орта бизнес саласында еңбек етеді. Елордада отандық кәсіпкерліктің әлеуеті мен жетістіктерін айқындайтын  «Ulttyq Ónim» дәстүрлі көрмесі  басталды. Тоғызыншы рет өткізілген  іс-шараның ауқымы кеңейген. Көрме алаңына еліміздің барлық өңірінен 600-ден астам компания жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Мұнда тамақ өнеркәсібі мен жеңіл өндірістен бастап, ауыр өнеркәсіп пен отандық крафт индустриясының өнімдері кеңінен ұсынылған.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ:

Бүгінде әрбір бесінші қазақстандық кәсіпкерлік саласында қызмет етеді. Шағын және орта бизнестің ел экономикасындағы үлесі 41%-ға жуық. Ал осы секторда жұмыспен қамтылғандардың саны шамамен 4,5 миллион адамды құрайды.

Биылғы жиынға тауар өндірушілермен қатар «қызмет көрсету» санатындағы кәсіпкерлер де қосылған. Сонымен қатар, бизнесті автоматтандыру мен процестерге жасанды интеллекті енгізу мәселесіне баса назар аударылған. Келушілер үшін нақты өндірістік процестерді көрсететін интерактивті аймақтар жұмыс істеп тұр.

ФАРХАТ СӘРСЕКЕЕВ, "ДАМУ" КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ" АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Біздің мақсатымыз - шағын орта бизнесті қолдап, ең жақсы өнімжерін осы Астана қаласына, өзіміздің елордамызға әкеліп, мемлекеттік органдарға, журналистерге, депутаттарға, осы халыққа көрсетіп, әр азамат өзі алып, көріп, дәмін татып, өзіміздің мақтанышымыз ғой.