23 мамырға арналған ауа райы болжамы қандай?

Фото: pixabay

Бүгін Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болады.

Еліміздің батыс, солтүстік-батыс және орталық аймақтарында негізінен жауын-шашынсыз, құрғақ ауа райы күтіледі. Алайда республиканың өзге өңірлерінде күн райы күрт құбылмалы болмақ.

Қазір қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасалды.

Солтүстікте, қиыр шығыста, сондай-ақ оңтүстік пен оңтүстік-шығыста найзағай ойнап, жаңбыр жауады, кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі.