Эбола жұқтырғандар саны 600-ге жуықтады

Фото: ivyenews.by

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго демократиялық республикасындағы эбола індетімен күресу үшін 14 тонна көмек жіберді.

Рейтердің хабарлауынша, дәрі-дәрмек пен медициналық құрал-жабдықтар жеткізілген. Бұдан бөлек, ауруханалардың жанына тігуге арналған оқшауланған шатырлар бар. Кейінгі ақпарат бойынша Конго мен Угандада эболадан 139 адам қайтыс болды. Жұқтырғандар саны 600-ге жуықтаған.