Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы ШоқанУәлиханов атындағы №127 орта мектеп-лицейдің бітіруші түлектері, егіз қыздар Кәусар және Гауһар Алтынсары ҰБТ-да жоғары нәтиже көрсетіп, аймақ мерейін үстем етті.
Егіздердің бірі Кәусар 140 балл, ал Гауһар 139 балл жинады.
- Олар ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдаған. Сонымен қатар IELTS халықаралық емтиханынан 7.5 балл жинап, халықаралық сертификат иегері атанды. Бұл жетістік – табандылықтың, тынымсыз еңбектің және білімге деген құштарлықтың жемісі, - деп хабарлады облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.