Ақмола облысы Щучинск қаласындағы бес қабатты қонақүйлердің бірінен өрт шықты. Ресми мәлімет бойынша, ғимараттан 24 адам өздігінен эвакуацияланған, оның ішінде екі бала бар.
Жалын ғимараттың бірінші қабатында орналасқан сауна бөлмесінен басталған.
ТЖМ өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жедел жетіп, қызыл жалынның ғимараттың жоғарғы қабаттарына және көрші бөлмелерге таралуына жол бермеді.
Құтқару мекемесінің ресми мәліметінше, өрттің жалпы аумағы 50 шаршы метрді құрап, тілсіз жау толықтай жойылды. Қазіргі уақытта оқиғаның шығу себебін мамандар анықтап жатыр.
Өрт сөндірушілер келіп жеткенге дейін қонақүйдің жоғарғы қабаттарында болған қонақтар қауіпсіз жерге көшірілді.